Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты 30 сәуірде Қазақстанның барлық аймағында телерадиоарналарды тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлады «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметінен.
«2025 жылғы 30 сәуірде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осы уақыт аралығында Қазақстанның бүкіл аумағында телерадиоарналарды тарату уақытша тоқтатылады», - делінген хабарда.
Компанияда атап өткендей, жұмыстар үздіксіз әрі сапалы хабар таратуды қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
«Түсіністік танытқандарыңызға рақмет және келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!» - деп хабарлады «Қазтелерадио».
Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады
