Алматы. 5 қыркүйек. ҚазТАГ - Кемар Машанло. Қазақстанда өткен апта қорытындысы бойынша АИ-80 маркілі бензинінен басқаларының барлығының бағасы түрлі бағытта өзгерді.
ҚР мұнай және газ орталығының ақпарына сәйкес, 1 л бензиннің бөлшек саудадағы бағасы орта есеппен елімізде 4 қыркүйектегі жағдай бойынша (28 тамыздағы бағамен салыстырғанда) АИ-80 маркалі бензин бағасы бұрынғы Т89 деңгейніде қалды; АИ-92 - Т0,81 арзандап, Т156,58 болды; АИ-98 аздап түсті Т191,41-ден Т191,36; АИ-95/96 - Т0,61 өсті, Т174,89 дейін
жазғы дизель отынының бағасы Т9 көтерілді – Т177,81-ден Т186,53-ке жетті; қысқы дизель отынының бағасы - Т191 болып, бұрынғы деңгейде қалды.
Қазақстанда өткен аптада бензин бағасы түрлі бағытта өзгерді, дизель отынына көтерілді
