Қазақстанда өткен тәулікте 225,9 мың тонна мұнай өндірілді, МӨЗ 45,7 мың тонна шикізатты қайта өңдеді

Алматы. 3 қазан. ҚазТАГ - Кемар Машанло. Қазақстанда ҚР мұнай және газ ақпараттық-талдамалы орталығының мұнайгаз саласының мониторингі ақпарынша өткен тәулікте шамамен 225,9 мың тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілген, бұл өткен аптадағы ұқсас көрсеткіштен 21,7 мың тоннаға төмен, 135,7 млн текше м. (+4,5 млн текше м.) газ өндірілген.
Сонымен қатар, талдаушылардың ақпарынша, Қазақстанның мұнай өңдеуші зауыттарындағы көмірсутектерді қайта өңдеу көлемі сондай салыстыруда аздап төмендеді - 0,6 мың тоннаға, сөйтіп 45,7 мың тоннаны құрады

adimage