Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың 78 жаңа жағдайы тіркелді – Біртанов

Астана. 7 сәуір. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанда бүгінгі таңда коронавирусты жұқтырудың жаңа 78 жағдайы тіркелді, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
«Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавируспен ауырудың 670 жағдайы тіркелді, 78 – і жаңадан ауырғандар (бір тәулікте – ҚазТАГ). Ауру жұқтырудың өсуі -13%», - деді Біртанов сейсенбідегі үкімет отырысында.
Оның ақпарынша, Нұр-Сұлтанда жаңадан жұқтырғандар саны – екі (өсім – 0,9%), Алматыда – үш (+3%).
«Басқа өңірлерде 73 жаңа науқас тіркелген, өсім 29% құрап отыр», - деді министр.
Оның ақпарынша, жаңадан жұқтырудың көбі – Қарағанды (16 жаңа науқас), Ақмола (19), Қызылорда (13), Жамбыл (12) облыстарында.
«Қазір ауру өңірлерде көптеп тіркеліп жатыр», - деп атап өтті Біртанов.
Ол еске салғандай, науқастардың арасынан 6 науқас көз жұмып, 46-сы жазылып шыққан.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 670 жағдайы тіркеліп, 46-сы жазылып, алты адам көз жұмған еді.

adimage