Астана. 26 ақпан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты елдің басым аумағында жауын-шашын күітледі, солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстігі мен орталығында кей жерлерде қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Тек шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі, жел күшейкөктайғақ, жаяу сырма соғады, күндіз оңтүстігінде – күн күркірейді», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашынды (көбіне жаңбыр жауады). Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде 3-8, күндіз 9-14, түстен кейін екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде -3-5, күндіз +2+4.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 0+2, күндіз +11+13.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, кешке қарай нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде 8-13 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10, күндіз +15+17.
Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын күтіледі, тұман, көктайғақ, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с. Күндіз 0+5, түнде -3-8.
Қызылорда облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с. Күндіз және түнде +7+12.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді, басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +13+18, түнде +5+10.
Атырау облысында кей жерлерде жаяу сырма соғады, көктайғақ, түнде кей жерлерде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с болады.
Ақтөбе облысында кей жерлерде жаяу сырма соғады, тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде -2+3.
Қарағанды облысында кей жерлерде жаяу сырма соғады, тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3 (шығысы мен орталығында -5), түнде -2-7 (оңтүстік-батысында +1).
Павлодар облысында кей жерлерде жаяу сырма соғады, тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде -9-14.
Ақмола облысында кей жерлерде жаяу сырма соғады, тұман күтіледі, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -3-8.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, тұман түседі. Күндіз +15+20, түнде +3+8.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін тұман түседі. Күндіз -3+2, түнде -10-15.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде жауын-шашын күшейеді, түнде кей жерлерде қар жауады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, тұман түседі. Күндіз -2+3, түнде -4-9.
Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде 0+5.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде қар күшейеді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, тұман, көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жел тұрады. Күндіз +8+13, түнде -2+3.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен батысындағы өзендерде мұз қату құбылысы ары қарай төмендейді. Түркістан облысының жекелеген өзендерінде жаңбырдың жаууына орай, кей жерелред нөсер жаңбырға байланысты су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Сонымен қатар Тәжікстандағы Қайраққұм су қоймасынан келетін судың артуына орай Шардара су қоймасындағы су көлемінің артуы күтіледі. Қазақстанның жазықтық аумағындағы су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда жыл сайын мас жүргізушілердің кесірінен 700 адам қаза табады17 Сәуiр 2024, 15:18
-
Шымкентте алаяқтық жасағаны үшін нотариус төрт жылға сотталды17 Сәуiр 2024, 14:57