Қазақстанда транспланттау орталықтары тексеріліп жатыр

Күні: 12:36, 06-11-2018.

Астана. 6 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның бес өңіріндегі 11 транспланттау орталығын тексеру басталды, деп хабарлады ҚР ДМ ҚДҚК баспасөз қызметінен.  
«Қазіргі таңда денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен прокуратура органдарымен бірге республиканың бес өңірінде 11 транспланттау орталығын тексеру жүріп жатыр. Тексеру науқастардың қауіпсізігін қамтамасыз ету және  Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің сақталуын қадағалау мақсатында қолға алынған», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.  
Хабарда атап өтілгендей, қазіргі таңда Қазақстан ағзаларын ауыстыру қажет ететін ҚР азаматтарын шетелдің емханаларына жібермейді, себебі балалардың жүректерін ауыстырудан басқа ағзаларды транспланттаудың барлық түрлері Қазақстанда жасалады.  
«ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес ағзаларды транспланттауды жүзеге асыру үшін субъект екі критерийге сәйкес келуі керек: трансплантация жасауға лицензиясы болуы, трансплантация жасау рұқсат берілген медициналық мекеме тізіміне кіруі», - делінген хабарда.  
Бүкіл әлемде адамның донорлық ағзасын ауыстырумен байланысты трансплантация және адамның донорлық ағзалары айналымы саласында қылмыстың орын алуын болдырмау мақсатында денсаулық сақтау саласындағы құзырлы органдармен бақыланады, деп түсіндірді баспасөз қызметінен.  
Құзырлы орган бекіткен трансплантация жасау рұқсат берілген медициналық мекемелер тізімін осы саладағы мемлекеттің тікелей бақылауы  анықтайды.  


Жаңалықтармен бөлісу: