Астана. 21 қазан. ҚазТАГ – Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қауылысымен Ахметжанов Әнуар Мұратұлы Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды», - деді сәрсенбіде ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Ахметжанов 1975 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2000 жылы Джонс Хопкинс университетін бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика және сыртқы экономикалық қызмет кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
Әр жылдары «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК ЖАҚ, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазгермұнай» БК ЖШС жұмыс істеді. 2012-2016 жж. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2016 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және өңірлік ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды. 2016-2019 жж. — ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы. 2019 ж. — ҚР цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы. 2019 жылдың тамыз айынан бастап қазірге дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34