Қазақстанда Цифрлық даму министрлігінің ведомствоға бағынышты құрылымының бірі денсаулық сақтау министрлігіне өтті

Астана. 13 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанның Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ведомствоға бағынышты құрылымының бірі денсаулық сақтау министрлігіне өтті, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны цифрлық денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті ұйым болып айқындалсын», - делінген қолданысқа енгізілген үкімет қаулысында. 

Атап өтелік, Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы бұған дейін де цифрлық денсаулық сақтау саласының құзырлы мекемесі болған, алайда цифрлық даму министрлігіне қарап келген.

adimage