Қазақстанда уәде етілген 299 ауылдың 32-сі Beeline желісіне қосылған

Алматы. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанда уәде етілген 299 ауылдың 32-сі Beeline желісіне қосылған, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Егер КарТел («КаР-Тел» ЖШС, Beeline Казахстан бренді бойынша қызмет ұсынушы) статусы бойынша айтсақ, онда – 299 елдімекен. Бүгінгі таңда нақты 32-сі қосылды», - деп мәлім етті сәрсенбідегі үкімет отырысында Beeline Казахстан бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.
Оның айтуынша, LTE технологиясы, яғни сымсыз ғаламторға қосылу технологиясы ұсынылуы тиіс болған 119 елдімекеннің төртеуінде ол мүмкіндік тестілеуден өткізілуде.

adimage