Қазақстанда вакцина алуға жататындардың жартысынан астамы КВИ-ге қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды

Астана. 3 тамыз. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстанда вакцина алуға жататындардың жартысынан астамы коронавирусты инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
«Бүгінгі таңда шамамен вакцинаның 9,4 млн дозасы пайдаланылды. Оның ішінде бірінші құрамымен 5 480 94 адам егілді, ол вакцина алуға тиіс халықтың 55,4% құрайды», - деді Цой сейсенбідегі үкімет отырысында.
Оның ақпарынша, екінші құраммен 3 941 941 адам қамтылған, немесе вакцина алуға тіисті халықтың 39,8%-ы.

adimage