Қазақстандағы арнайы ХҚКО-дағы техникалық ақау жойылды

Күні: 14:45, 14-03-2019.

Астана. 14 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстандағы арнайы ХҚКО-да орын алған техникалық ақаулар жойылды, деп хабарлады ҚР ІІМ әкімшілік полициясының комитетінен.
«Барлық арнайы ХҚКО-дағы және әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан қабылдау бөлімшелеріндегі көлік құралын тіркеу және көлік жүргізу куәлігін беру бойынша мемқызмет штаттық режимде ұсынылып жатыр», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, 13 наурызда техникалық ақауларға байланысты арнайы ХҚКО-дағы және әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан қабылдау бөлімшелеріндегі көлік құралын тіркеу және көлік жүргізу куәлігін беру бойынша мемқызмет көрсету уақытша тоқтатылғаны хабарланған еді.


Жаңалықтармен бөлісу: