Қазақстандағы астық қабылдау пункттері 14,1 млн тонна астық сақтауға арналған – АШМ

Күні: 14:25, 28-10-2014.

Астана. 28 қазан. ҚазТАГ - Республикада жалпы сақтау сыйымдылығы 14,1 млн. тонна 215 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің (АШМ) баспасөз қызметінен.  

«Бүгінгі күні республикада жалпы сақтау сыйымдылығы 14,1 млн. тонна 215 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Егін жинау науқанының басынан бастап 2014 жылғы 24 қазанға дейін астық қабылдау пункттеріне 5,1 млн. тоннаға жуық жаңа егін астығы келіп түсті, соның ішінде бидай – 4,4 млн. тонна (жұмсақ – 4,2 млн. тонна, қатты – 0,2 млн. тонна), арпа – 0,5 млн. тоннаға жуық, өзге де дақылдар – 0,2 млн. тонна», - делінген сейсенбіде таратылған АШМ хабарында.  

Хабарда айтылғандай, сақтауға келіп түскен 4,2 млн. тонна жұмсақ бидайдың ішінен 1-2-3-сынып сапасына 3,4 млн. тонна немесе 81,0%, 4-5-сыныпқа – 0,6 млн. тонна немесе 14,3% сәйкес келеді, 0,2 млн. тонна немесе 4,7% сыныпсыз болып табылады.

Астық қабылдау пункттері барлығы 2,4 млн. тоннаға жуық астығын кептіріп, 2,8 млн. тонна астық өңдеді.

«Жауын-шашыннан АҚК-ға ылғалдылығы 30%-ға дейін жоғары астық келіп түсетіндіктен, оны кептіруге, тасымалдау мен өңдеуге 53,5 мың тонна дизель отыны (қазан – қарашаға) қосымша бөлінді. 24 қазандағы жай-күй бойынша облыстардың операторлары 27,7 мың тонна дизель отынына немесе жоспарланған көлемнен 52% төлем жүргізді. Астық кептіруге арналған 20,1 мың тоннаға жуық (38%) дизель отыны тиеп жөнелтілді», - делінген АШМ баспасөз қызметінің хабарында.


Жаңалықтармен бөлісу: