Қазақстандағы екі биосфералық резерват ЮНЕСКО бағдарламасына енді

Астана. 29 қазан. ҚазТАГ – Қазақстандағы екі биосфералық резерват Біріккен Ұлттар ұйымының (БҰҰ) білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі мамандандырылған мекемесінің (ЮНЕСКО) бағдарламасына енді, деп хабарлады ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен.
«ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының Қазақстандық ұлттық комитеті (МАВ) карантин режимімен байланысты барлық қиындықтарға қарамастан, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосу үшін 2 номинациялық дерекнама дайындады. Комитет мүшелерімен Алматы және Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорықтары әкімшілігі қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының биосфералық резерваттарының ұлттық желісі екі жаңа биосфералық резерватпен толықтырылды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Шешім 27-28 қазанда өткен «Адам және биосфера» бағдарламасының Халықаралық үйлестіру кеңесінің 32-ші сессия отырысында қабылданды.

adimage