Алматы. 5 шілде. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы өткен сейсенбідегі апат «Протон» зымыран тасымалдағышының жарты ғасырлық пайдалану тарихында 32-ші апат болыпты. Бірақ ғалымдардың мәлімдемесі мен, сарапшылардың пікірінше, осындай ТЖ-лардың адам денсаулығы мен экологияға әсері әлі күнге зерттелген жоқ....
«Байқоңыр» ғарыш айлағында штаттан тыс жағдай орын алуы себепті ресейлік 3 «ГЛОНАСС-М» спутниктерін алып ұшқан «Протон-М» зымыран тасымалдағышының апаттық ұшырылуы орын алды. Зымыран ұшырылған сәттен бірнеше секундттан кейін штаттан тыс траекториямен ұшып, ұшыру алаңынан жүздеген метр жерге құлап, жарылды, деп хабарлады оқиға күні, 2 шілдеде, ҚазТАГ тілшісі.
Алғашқы қоңырау
ТЖ-ден бір күн өткен соң Роскосмос баспасөз қызметінің бастығы Алексей Кузнецов атап себебі туралы келісідей мәлімдеме жасады.
«Біз проблема зымыран-тасымалдағышта, бірінші сатының қозғалтқыш жүйесінде деп айта аламыз, себебі 17 секунд ұшқан кезде тек сол жұмыс істеді. Үдеткіш блоктар мен басқа да жүйелерінің бұл жерде қатысы жоқ», - деді ол ресейлік «Известия» газетіне берген сұхбатында.
Өз кезегінде «Известия» газеті «2001 жылдан бері 74 рет ұқшырылған «Протон-М» зымыран тасымалдағышының 2-еуі ғана осы зымыран себебінен апат болғанын, ал 2007 жылдан бері ондай оқиғалар болмағанын еске салады. Сонымен қатар ресейлік «Военный патриот» сайтының мәліметтерінше, тек 2001 жылдан бері «Протонға» қатысты елеулі проблемалар, Байқоңырдағы соңғы апатты есепке алмағанда, 5 рет туындаған.
Мына фактілерге назар аударайықшы. Олардың өздері айтып тұрғандай. 2002 жылы 26 қарашада «Протон – К» зымыран тасымалдағышында ғарыш аппаратының үдеткіш блоктан (ҮБ) мезгілінен бұрын бөлінуі орын алды. 2006 жылы 28 ақпанда үдеткіш блоктағы апат салдарынан «Протон – М» есептелген траекториядан ауытқыды. 2007 жылы 5 қыркүйекте «Протон-М» Жезқазған қаласынан 40 км жерге құлап түсті. 2008 жылы 15 наурызда «Протон – М» үдеткіш блогының қозғалтқышы істен шықты. 2010 жылы 5 желтоқсанда кезекті «Протон-М» үдеткіш блогымен бірге берілген орбитадан ауытқып, Тынық мұхитқа құлады.
«Протон» проблемалары 2001 жылы емес, одан әлде қайда бұрын, 1966 жылы осы зымырандар жасала бастағанда басталған. 1966-2002 жылдары осы зымыранның бірінші не екінші сатысында 8 рет апат орын алып, олардың біреуі (1999 жылы 5 шілдеде) ұшудың 277-ші секундында қозғалтқыштың жарылуымен аяқталды. Ұшырыла бастағанда жарылып кету 15 (!) рет орын алды, ал бір рет үдеткіш блоктағы ақау орын алды. Одан басқа, 1999 жылы 27 қазанда «Протон-К» қозғалтқышына бөгде зат түсіп кетіпті. Сол кездегі апат салдарынан зымыран бөлшектері Қарағанды облысының территориясына шашылды.
Бұл ретте, таң қаларлығы, ресейлік ғарыш саласының өкілдері үшін 2013 жылы 2 шілдедегі (!) зымыран апаты «алаңдатарлық алғашқы қоңырау» ғана болыпты.
«Бізге жаңа жасалған «ГЛОНАСС» спутниктерін жоғалтқанымыз онша құрқынышты емес, ең масқарасы - 1966 жылдан бері жасалып келе жатқан «Протон» құлағаны. Бұл бүкіл салаға салынған елеулі «қоңырау», біз жүйеге қойылған ақаусыз зымыран жинақтау тәжірибесінен айрылып келеміз», - деді 3 маусымда ғарыштық байланыс саласының өзін таныстырғысы келмеген өкілі.
Тағы бір қайғылы статистиканы келтірсек: 32 апаттың 31-і Байқоңырда орын алыпты...
Сынама таңбасын қоятын жер жоқ
Көптеген апаттарға қарамастан, «Протондарды» ұшыру азаймай тұр. Тек 2007 жылы ғана Қарағанды облысында зымыран тасығыштың құлауынан кейін Қазақстан мұндай зымырандардың ұшырылуына мораторий жариялаған болатын. Екі жылдан кейін мораторий алынып тасталды.
Соңғы апаттан кейін мораторий әлі де болса жарияланбады. Байқоңырдан Ресей зымырандарын ұшыруға тиым салуды 20 шақты қоғам қайраткері ғана талап етті.
«Байқоңырда алапат апат болды. Оның экологиялық, тіпті гуманитарлық салдары болуы мүмкін. Біз білмейміз ғой, бәлкім ол жерден адамдарды көшіру керек шығар... Егер зымыран елді мекеннің үстіне құлаған жағдайда не боларын ойлаудың өзі қорқынышты. Біздің ойымызша, Байқоңырда орын алған қайғылы оқиғаның жай-жапсарын егжей-тегжейлі анықтамайынша, Ресей зымырандарын ұшыруды тоқтата тұру керек», - деді мәлімдеме авторларының бірі, «Азат» патриясының жетекшісі Болат Әбілов, осы бейсенбіде өткен баспасөз мәслихатында.
Алайда қазақстандық ғалымдардың пікірінше, ешқандай экологиялық апат болған жоқ. Ал гуманитарлық апат туралы тіпті сөз қозғаудың өзі артық. Байқоңыр қаласына қарай жылжып бара жатқан, өрттен қалған қара бұлт адамдар мен қоршаған ортаға қауіпті емес. Әйтсе де, мамандардың қолында ластану мөлшері жайлы нақты дерек әзірше жоқ. Оған уақыт керек.
«Ахметов (ҚР премьер-министрі - ҚазТАГ) комиссия құруды тапсырды. Әрі бізде ластану мөлшері, қалдықтар мен олардың басқа да салдары туралы ресми расталған мәлімет жоқ. Оның қашан болатынын тап басып айта алмаймын. Ол жердің өлшеніп, тексерілетін аумағы тым үлкен. Топырақ пен судың да сынамасын алу керек. Мұндай зерттеу жұмыстары бастала қойған жоқ, тек жоспар күйінде тұр», - деді телефон арқылы ҚазТАГ тілшісіне табиғат қорғау мекемесінің дереккөзі.
Ондағы бар мәліметтерше, апаттан соң улы заттардың деңгейін анықтау бойынша бірден қабылданған шаралар «терең қорытынды жасауға әзірге мүмкіндік бермейді»
Әзірге ҚР ұлттық ғарыш агенттігінің «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК апат орнынан сынамаларды алып жатқанда, және тексеру аяқталмайынша апат салдарына қандай да түсініктеме беруден бас тартып отырғанда, Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин «Протон» құлаған және сол маңайға жақын елді мекендер мен Байқоңыр қаласында улы заттардың мүмкін боларлық шегінен ауытқу дерегін анықтамады деп мәлім етті. Ал зерттеулерге онша көп уақыт кетпеді. Сол күні «Ғарыш-Экология» «тым көп параметрлер» нормаға сай деп мәлім етті.
«Қазкосмос» басшысы Талғат Мұсабаев бұны «Протон» апаты орын алған сәттен бері пайымдаса керек.
«Оқиғаны бақылауға алған мамандардың мәліметінше, жарылыс болып, оның салдарында гептил және амил сынды зиянды құрамдас бөліктер толық жанып кетіп, осылайша азот тотығы қалыптасып, ол жердегі шаң бөлшектерімен бұлт түрінде жоғары көтерілген. Әйтсе де, мамандардың мәліметінше, азот тотығы гептил және амилдің құрамдас бөлігі ретінде айтарлықтай қауіп төндірмейді», - деді өткен сейсенбіде үкімет дәліздерінде Т. Мұсабаев.
Оның айтуынша, Байқоңыр қаласы мен оның төңірегіндегі кеңшарларға айтарлықтан зардап келмейді. Жалпы, Т. Мұсабаевтың пікірінше, «Протон» - Ресейдікі, ендеше оның құлауына қатысты мәселемен де ресейліктер өздері айналысуы тиіс.
«Бұл Қазақстан және Ресей үкіметтері арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру шаралары барысында апат орын алған жағдайдағы өзара қимыл-әрекет тәртібі келісімінің 1-бабына сәйкес, халықаралық шарттар бойынша 2006 жылдың 22 мамырындағы ҚР Заңымен бекітілген. Қайталап айтамын, апат дегеніміз – зымыранның не оның бөлшектерінің Қазақстан аумағында, Ресей тарапы Қазақстаннан жалға алған аумақтардан тыс жерлерде құлауын білідіреді. Сөйтіп, құқықтық тұрғыдан алғанда – бұл апат емес, бұл Роскосмостың ішкі шаруасы және олар бұл жайында жұмыс тәртібінде ауызша мәлім етті», - деді үкіметте өткен жиын барысында Т. Мұсабаев.
Өл, бірақ қазір емес
Ресейде апат салдары мен ғарыштық саланың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерін анықтаумен негізінен экологтар айналысып жатыр. 2008 жылы «Химиялық қауіпсіздік үшін» одағының Пермь қаласындағы бөлімі «Гептил - аса улы зымыран отынын қолданудың экологиялық қаупі мәселелері» деп аталатын кітапша шығарды, онда химия ғылымдарының докторы Л.Федоров, медицина ғылымдарының докторы В. Лупандин және басқа да беделді ғалымдардың зерттеулері мен сараптамалары, сондай-ақ, гептил мен оның туындылары бойынша токсикология мен гигиеналық нормативтер бойынша анықтамалық құралдар пайдаланылған.
Кітапшада келтірілген мәліметтерге сәйкес, гептилмен улану бауырдың, жүйке, жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, ас қорыту және эндокриндік жүйелердің зақымдануына әкеп соғады, бауырдың өткір семуіне, бүйректің несеп бөліп шығаруының тоқтауына, тіпті, лейкозға душар етеді.
«Сауығып шыққан соң кейбір белгілер сақталады: астено-вегетативті синдром, токсикалық гепатит, полиневрит, токсикалық нефропатия. Уланудың болар-болмас салдары: ОНЖ органикалық өзгерістер, полиневриттер, асқазан-ішек жолдарындағы жаралар, бауыр циррозы, диэнцефалдық өзгерістермен энцефалопатиялар», - делінген зерттеуде.
«Химиялық қауіпсіздік үшін» одағының хабарлауынша, гептил шекті рұқсат етілген концентрациясы (ШРК) бойынша қауіптің бірінші сыныбына жатады.
«Қауіптің I-ші классы. Елді мекендердегі атмосфералық ауа үшін ШРК: максималды бір реттік - 0,001 мг/м3, орташа тәуліктік - 0,001 мг/м3. Су тоғандары үшін ШРК - 0,02 мг/л (зияндылықтың шекті көрсеткіші - санитарлық-токсикологиялық). Ауада, соның ішінде азот қышқылының негізінде амил тотықтырғышымен өзара әрекет еткенде, зымыран қозғалтқыштарын сынау кезінде су мен топырақта диметиламин, тетраметилтетразен, нитрозодиметиламин, метилендиметилгидразин, нитрозодиметилгидразин, формальдегид, синил қышқылы және т.б. түзіледі», - делінген кітапшада.
Бұдан басқа, ғалымдардың мәліметтерінше, ол адам ағзасында да жиналып қалады.
1995 жылы «Труд» газетінде Омбы маңындағы Крутая Горка ауылының музыка мектебінің мұғалімі Людмила Кокошникованың хаты жарияланды, ол гептил өндіретін зауытта жұмыс істеген ауылдастарының өмірі жайлы жазған.
«Тұрғындардың көбі Баранов атындағы зауыттың филиалында жұмыс істейді, онда 1964 -1989 жылдар аралығында зымыран қозғалтқыштары сынақтан өткізіліп келген, гептил және амил - зымыран отынының компоненттерімен жұмыстар жүргізілген. Бес жылдан кейін мұндағы адамдардың көбі қатерлі ісіктен көз жұма бастаған. Бірақ бұл зауыт әкімшілігін де, медицина қызметкерлерін де еш алаңдатқан жоқ. Олар кәсіби аурудан көз жұмды делінген жоқ, бірақ гептил мен амил секілді канцерогендік заттармен жұмыс істегенде бұл әбден мүмкін. Қауіпті заттармен жұмыс істеп, жылына екі рет профилактикалық тексеруден өткен ұжым өмірлеріне төнген қауіптен бейхабар болған. 1989 жылдан бері гептил мен амил қолданылмайды, бірақ аталған канцерогендік заттар зауыттың өнеркәсіптік алаңдарында жиналып тұр… Ауыл аумағында гептилдың жоқ екеніне және топырақтың ластанбағанына сенбейміз. Гептил зауыт ғимаратына, оның қабырғаларына сіңіп кеткен. Топырақ құрамындағы аталған қауіпті заттарға талдау жүргізілген жоқ. Ересектер қатерлі ісіктен көз жұмса, балалар ауруға шалдығып жатыр…», - деп жазады ол.
1998 жылы химия ғылымдарының докторы Л.Федоров ресейлік Державинскіде зымыран кешені таратылып, іске қосу құрылғылары жарылған соң аумақ химиялық ластанып, токсикалық гепатит індеті пайда болғанын хабарлады.
Википедияның мәліметтерінше, гептил канцероген болып табылады.
«СЕДМГ+АТ (симметриялық емес диметилгидразин, гептилдің екінші атауы - ҚазТАГ) кемшіліктеріне: уыттылық, канцерогенділік, тотықтырғыш болса СЕДМГ-ның жарылу мүмкіндігі жатады», - делінген энциклопедияда.
Еске сала кетейік, ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың айтуынша, зымыранда 172 тоннаға жуық гептил мен тотықтырғыш болған.
Қырсық бір айналдырса, шыр айналдырады
Ғалымдар гептилден кімнің улануы мүмкін екенін айта алмайды. Медицина ғылымдарының докторы Владимир Козловскийдің айтуынша, қалыптасқан бұлт жарылыс аумағынан белгісіз қашықтықта қышқыл жаңбыр түрінде жауу мүмкін.
«Жарылыс кезінде азот диоксиді түзіледі, ол ауаның жылы қабаттарымен айналып, ауаның жоғары қабаттарына өтеді, онда су буымен қосылып, азот қышқылы бұлты қалыптасуы мүмкін, зерттеулер нәтижелері мен бұрынғы апаттардың мәліметтеріне сәйкес, бұл қандай да болмасын бір қашықтыққа орын ауыстыруы мүмкін. Бірақ, әзірге оны анықтау мүмкін болмай отыр. Бұдан ары қышқыл жаңбыр жауу мүмкін, немесе бұлт турбуленттік ағындармен атмосфераның жоғарғы қабаттарында тарқап кетеді», - деді ол бейсенбі күні ҚазТАГ тілшісіне.
Қышқыл бұлтты бақылаудан басқа түк қалмайтын секілді.
«Біз Қызылорда түбінде бұған дейін апатқа ұшыраған «Протон» мен «Днепр» бойынша диоксидтің, бұлттың қайда баратынын бақыладық. Негізінен азот қышқылының тым жоғары концентрациясы және қалыптасуы мүмкін сары дақтар табылған жоқ. Бұған дейінгі зерттеулер бойынша қышқыл шөгінділер табылған жоқ», - деді профессор.
Мұнымен қоса, В.Козловскийдің айтуынша, бұл жағдайда, яғни, 2 шілдеде Байқоңырда орын алған апаттағы азот диоксидінен қауіптенбеуге болады.
«Азот диоксиді тыныс алу органдарына, шырышты және тері жабындарына, ішкі органдарға кері әсер ететін заттарға жатады. Бірақ аталған жағдайда азот диоксиді онда болмауы мүмкін. Азот диоксиді өздігінен бола алмайды», - деді ол.
Сондай-ақ, ол диоксидтердің «іс-қимылын» дәл болжауға болмайтынын теріске шығарған жоқ.
«Жарылыс елді мекеннен 60 км қашықтықта орын алды, осы уақыт ішінде диоксидтермен бәрі де болуы мүмкін. Тотығуы мүмкін, немесе ыстық ауа ағынымен жоғары көтеріледі. Ал (Байқоңырда - ҚазТАГ) қара бұлттың қалыптасуы - бұл жанған бөлшектер, гептил емес, корпустың жанған бөлшектері болуы мүмкін», - деді В.Козловский.
Ғарыш айлағына жақын маңда тұратын Төретам ауылының тұрғындары тамақтың жыбырлауына, көздің ашуына және ауызда бір түрлі дәмнің болуына шағымдана бастады, ал жергілікті ауруханада демікпе мен гипертония ауруларына шалдыққандар саны рекордты болып шықты…
Бұл «Протонның» Байқоңырдағы 31-ші апаты, соған қарамастан, зардап шеккендер жоқ (жақын және болар-болмас салдарын, және осы уақытқа дейін мұқият зерттелмеген гептилдің әсерінің салдарын санамағанда). Егер Ресейдің «Байқоңырды» жалға алу мерзімі аяқталатын 2050 жылға дейін Роскосмос сейсенбі күні соғылған «бірінші қоңырау» дабылға айналмай тұрғанда жедел әрекет етіп, шаралар қабылдаса, олар кейін де болмайды.