Қазақстандағы елді–мекендердің төрттен бір бөлігіне ғана газ тартылған

Астана. 24 қараша. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстандағы елді–мекендердің төрттен бір бөлігіне ғана газ тартылған, деп хабарлады ҚР энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.
«Қазақстандағы 6162 елдімекеннің 1468-і немесе барлық елдімекеннің 24%-на ғана газ тартылған», - деді Ноғаев сейсенбідегі үкімет отырысында.
Оның айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарында барынша газ тартылған өңірлер, газ тарту деңгейі 90%-дан жоғарылары: Атырау облысы – 99,6%, Маңғыстау – 99%, Алматы – 98,8%.
«Соңғы бес жылда 1434 км магистралды газ құбыры тартылған және 20 мың км астам газ тарату желілері жүргізілген. Магистралды газ құбыры құрылысының көбеюі - 7%, газ тарату желілері – 49% құрады», - деді Ноғаев.

adimage