Алматы. 26 сәуір. ҚазТАГ – 2030 жылға қарай Қазақстан электр энергиясының тапшылығы мәселесін сезінуі мүмкін, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Атом электр станциясын салу мәселесі қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Бұл – күрделі мәселе. 2030 жылы Қазақстанда электр энергиясының жетіспеушілігі байқалуы мүмкін. Сондықтан, осы мәселені қазір шешуіміз қажет», - деп келтірген Тоқаевтың сөзін Ақорда баспасөз қызметі.
Дегенмен, ол атап өткендей, көпшіліктің пікірін ескермей, атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдауға болмайды.
«Бүгінде бұл станцияның қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын көптеген технология бар. Сонымен қатар, АЭС жаңа жұмыс орындарын ашып, Қазақстанның энергетикалық дербестігін қамтамасыз ете алатынын ескерген жөн», - деді ол.
Қазіргі таңда Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында жүр.
Бұған дейін ҚР энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстада АЭС құрылысы үшін Алматы облысының қарастырылып жатқанын хабарлаған еді.
Атап өтелік, Ресей президенті Владимир Путин ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүргізген келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстанда АЭС-ты ресейлік технология бойынша салуды ұсынған еді.
Қазақстандағы электр энергиясының тапшылығы мәселесін қазір шешуіміз керек - Тоқае
