Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың дамуының үш сценарйиі аталды, наурызда аурудың өршуі күтілуде

Астана. 19 қаңтар. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2021 жылдың соңына дейін Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың дамуының үш сценарийін атады, наурызда аурудың өршуі күтілуде.
«Денсаулық сақтау министрлігінің болжау жөніндегі жұмыс тобы 2021 жылдың соңына дейін шектеу шаралары күшінде болғандағы эпиджағдайдың дамуына болжам жасады. Індетті жұқтыру деңгейі осы жылдың наурыз айының соңында көп тіркелуі мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың жағдайға дейін күтілуде, ал төсек қорының барынша қамтылуы 24 мыңға дейін жетуі мүмкін. Дегенмен, аталған сценарий кезінде қатаң карантин талаптарын енгізу жоспарланып отырған жоқ», - деді Цой сейсенбідегі үкімет отырысында.
Ол атап өткендей, реалистік және пессимистік сценарий бойынша күн сайын 6 және 9 мың адам індет жұқтыруы мүмкін.
«Ал төсек қорының қамтылуы 45 мыңға дейін жетеді. Яғни КВИ-мен ауыратын науқастарға қолжетімді 52 мың төсектен аспайды, бірақ денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс жүктеме түсірмей, сапалы медициналық қызметті қамтамасыз ету үшін қатаң карантин талаптарын енгізу қажет болады», - деп нақтылады Цой.

adimage