Қазақстандағы Ертіс өзенінің алқабына ерекше қорғалатын аумақ статусы берілуі мүмкін

Астана. 7 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстандағы Ертіс өзенінің алқабына ерекше қорғалатын аумақ статусы берілуі мүмкін, деп хабарлады экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Бүгінгі таңда Қазақстан аумағының шамамен 9% ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие. БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың ұсынысы бойынша бұл көрсеткішті 10 жыл ішінде 12%-ке дейін арттыру керек. Ал Ертіс өзенінің алқабы осындай аумақ тізіміне енуі мүмкін», - деп хабарлады жұма күні Павлодар қаласының жұртшылығымен кездесуде ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.
Ол нақтылағандай, Ертіс өзенінің алқабына мәртебе беру үшін бұрын аяқталмаған техникалық-экономмкалық негіздеме пысықталып жатыр.

adimage