Қазақстандағы инфляция қазан айында 0,4%-ды құрады

Күні: 12:06, 03-11-2014.

Астана. 3 қараша. ҚазТАГ – Қазақстандағы инфляция 2014 жылдың қазан айында өткен аймен салыстырғанда 0,4%-ды құрады, жыл басынан бері - 6,3%-ды, жылдық көріністе - 7,6%-ды, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарында.
Статмәліметтерге сәйкес, азық-түлік тауарларының бағасы биылдың қазан айында 0,5%-ға өскен, азық-түлік емес тауарлары – 0,5%-ға, ақылы қызметтер 0,2%-ға қымбаттады.


Жаңалықтармен бөлісу: