Қазақстандағы инфляция қазан айында 0,4%-ды құрады (толықтыруымен)

Күні: 17:04, 03-11-2014.

Астана. 3 қараша. ҚазТАГ – Қазақстандағы инфляция 2014 жылдың қазан айында өткен аймен салыстырғанда 0,4%-ды құрады, жыл басынан бері - 6,3%-ды, жылдық көріністе - 7,6%-ды, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарында.
Статмәліметтерге сәйкес, азық-түлік тауарларының бағасы биылдың қазан айында 0,5%-ға өскен, азық-түлік емес тауарлары – 0,5%-ға, ақылы қызметтер 0,2%-ға қымбаттады.
Өткен айда қызанақ бағасының 16,3%-ға өсуі белгіленген, қиярдікі - 15,6%-ға, орамжапырақ - 7,1%-ға, картоп - 1,7%-ға, сүзбе, шошқа еті - 1,2%-ға, кондитерлік өнімдер, құс еттері - 1,1%-ға, пастерленген сүт, айран - 1%-ға, шұжық, еттен жасалған өнімдер - 0,9%-ға, ұн, мәйек ірімшігі - 0,8%-ға, кофе, шәй және какао - 0,5%-ға, нан - 0,4%-ға.
Сәбіз бағасының 8,2%-ға төмендеуі тіркелген, шекердікі - 3,4%-ға, алмалар, сары майдікі - 0,3%-ға.
Қатты отын бағасының өсімі 2,9%-ды құрады, фармацевтикалық өнімдікі – 1,3%-ды, тұрмыс құрылғылары - 0,8%-ды, киім мен аяқ киім, газеттер мен мерзімдік басылымдар - 0,7%-ға, жуғыш және тазалағыш бұйымдар - 0,5%-ға. АИ-95,96 маркалы бензин бағалары 1%-ға артты, АИ-98 - 0,9%-ға.
Төлем жүргізу ақысы 4,3%-ға өсті, мектепке дейінгі білім беру - 1,9%-ға, шаштараз және жеке қызмет көрсету қызметтері - 0,7%-ға, мейрамханалар мен қонақүйлер - 0,6%-ға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер - 0,4%-ға, денсаулық сақтау қызметтері - 0,3%-ға.
Қалааралық автобустың жолақысы 1%-ға қымбаттады, ал алыс қашықтықтарға темір жолаушылар көлігімен қатынау ақысы 2,8%-ға арзандады, әуемен қатынау – 1,4%-ға.
Тұрғын үй-коммуналды қызмет саласындағы үйді сақтау тарифтері 0,6%-ға өсті, ал бөлуші желілер бойынша жеткізілетін газ – 0,5%-ға төмендеді.


Жаңалықтармен бөлісу: