Қазақстандағы күн көрістің ең төменгі шегі 2019 жылдың басынан бері 2,5% көтерілді

Күні: 10:09, 05-03-2019.

Астана. 5 наурыз. ҚазТАГ - 2017 жылғы ақпанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 27 111 теңгені құрады, бұл алдыңғы ай көрсеткішімен салыстырғанда 1,8% жоғары, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің хабарында.
Статақпарға сәйкес, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,5% артты.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,5%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 16,4%, жемістер мен көкөністерді – 8,4%, нан және жарма өнімдерін – 7,5%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,2%-ды құрады.


Жаңалықтармен бөлісу: