Қазақстандағы күнкөрістің ең төменгі шегі 2019 жылдың басынан бері 3,6%-ға көтерілді

Күні: 15:24, 02-04-2019.

Астана. 2 сәуір. ҚазТАГ - 2019 жылғы наурызда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 27 405 теңгені құрады, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің хабарында.
Статақпарға сәйкес, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2019 жылдың наурызында 3,6% артты.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,3%, сүт, май және жұмыртқаны – 16,2%, жемістер мен көкөністерді – 8,7%, нан және жарма өнімдерін – 7,6%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,2%-ды құрады.


Жаңалықтармен бөлісу: