Қазақстандағы ұлттық саябақтың құрылыс үшін пайдаланылмайтын жерлері қайтадан ерекше қорғалуы мүмкін

Астана. 3 маусым. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстандағы ұлттық саябақтың құрылыс үшін пайдаланылмайтын жерлері қайтадан ерекше қорғалуы мүмкін.
«Негізгі мақсаты – бұрын туризм объектілері мен ерекше стратегиялық маңызы бар құрылыс жайларды (су шаруашылығы құрылысжайлары, Мемлекеттік шекара объектілері, қорғаныс мұқтажы) салу және олардың жұмыс істеуі үшін шығарылған және мақсаты бойынша пайдаланылмаған босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру тәртібін оңайлату», - делінген «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелеріне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы бойынша мәжіліс қорытындысында.
Бұл ретте атап өтілгендей, босалқы жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне аудару жаратылыстану-ғылыми және технико-экономикалық негіздер жобаларын әзірлеместен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы оң болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Еске салсақ, 26 мамырда «ҚазТАГ» ХАА Іле-Алатау ұлттық саябағы аумағының бюір бөлігін сенімді басқару бойынша 49 жылға тендер жеңімпазы 2015 жылдан бері Т1 млн аз салық төлегенін хабарлаған еді. Іле-Алатау ұлттық саябағының хабарына сәйкес, саябақ «туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру бойынша экологиялық туризмді дамыту үшін» ұлтық саябақ жерлерін ұзақ мерзімге пайдалануға беру бойынша тендер өткізген екен. Құжатқа сәйкес, жалғыз қатысушы «КУЛТАУ и К» ЖШС Алматы және Алматы облысында орналасқан ормандар мен көптеген жерлерді ұтып алып, ол жерлерге кемпинг, келу орталықтарын, туристік кешендерін салуға міндеттелген екен.

adimage