Қазақстандағы мұнай қоры 6 есе өсті - энергомин

Күні: 12:51, 05-09-2019.

Алматы. 5 қыркүйек. ҚазТАГ - Толқын Тәшімов. Қазақстандағы мұнай қоры шамамен 6 есе өсті, деп мәлімдеді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
«Мұнай қорында 90-шы жылдарғы 5,3 млрд. баррельден үлкен секіріс болып - 30 миллиард баррельге дейін жетті. (қазіргі уақытта - ҚазТАГ). Қазақстан мұнай экспорты бойынша жетекші елдермен бір қатарға тұрды - өндірілетін мұнай қоры бойынша 12-орында (4,6 млрд. тонна) және газ қоры бойынша 22-ші орында (3,9 трлн. текше метр) », - деді министр кеңейтілген құрамда бейсенбіде Атырауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен мұнай-газ саласын дамыту мәселелері бойынша өткен кеңесте.
Оның айтуынша, мұнай өндіру 3,5 еседен астамға - 1991 жылғы 25 миллион тоннадан қазіргі уақытта 90 миллион тоннаға дейін өсті.
Сонымен бірге, тәуелсіздік жылдарында Қазақстан 1,5 миллиард тоннадан астам мұнай мен 741 миллиард текше метр газ өндірді, Ұлттық қорға түсетін жалпы түсім шамамен Т31,6 трлн.


Жаңалықтармен бөлісу: