Қазақстандағы митингтер кезінде 4 мыңдай азамат ұсталды –ІІМ

Астана. 18 маусым. ҚазТАГ – Согдияна Идрисова. Қазақстандағы митингтер кезінде 4 мыңдай азамат ұсталды, деп мәлімдеді ҚР ішкі істер министрі (ІІМ) Ерлан Тұрғұмбаев.
«(…) 9, 10, 11, 12 және 13 (маусымда – ҚазТАГ) – бес тәулік ішінде Қазақстан Республикасының қалаларында заңсыз митингтер өтті. (…) Заңсыз митингтер негізінен Нұр-Сұлтанда, Алматыда өтті. . (…) Қазақстандық полиция арнайы құралдарды – газ, резеңке шоқпар, басқа да құралдарды қолданбады, тек аталмыш жанжалды тоқтату үшін күш қолданылды. шамамен 4 мыңдай азамат ұсталды, оның ішінде 3 мыңдайы сағат 15.00-ге дейін босатылды, 677-сі сот арқылы әкімшілік қамауға алынса, 305-не әкімшілік айыппұл салынды, яғни әкімшілік кодекске сәйкес 1 мыңдай азамат (жауапқа – ҚазТАГ) тартылды», - деді Тұрғұмбаев сейсенбідегі үкімет кулуарында.
Сондай-ақ, ол хабарлағандай, 300-ден астам полиция қызметкері дене жарақатын алған, оның алтауы госпиталға түскен.
«Адамдарды ұру бөлігінде (…), егер дене жарақаттары келтірілген болса, ел президенті бас прокурорға барлық дерек бойынша тапсырма берген, яғни егер азаматтар заңсыз ұсталған немесе оларға дене жарақаттары келтірілген болса, олар бас прокуратураға жүгіне алады және бас прокуратура заң тұрғысынан бағасын береді», - деді Тұргұмбаев.
Оның айтуынша, тәртіп орнатуға полиция қызметкерлері тартылған, соның ішінде Ұлттық гвардияның да.
«Олар қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмыс жасайтын ШӘАЖ қызметкерлері. . (…) Бізде үш киім түрі бар, олар түсімен және белгілерімен ерекшеленеді», - деді Тұрғұмбаев азаматтарды ұстауға қатысқан ешқандай белгісі жоқ қара киім кигендердің кім екені туралы сұраққа берген жауабында.
Еске салсақ, 9 маусымда Қазақстанда сайлау учаскелеріндегі көптеген бұзушылықтар мен Нұр-Сұлтан мен Алматыда митингке шыққандардың жаппай ұсталуы фонында президент сайлауы өтті. Сайлау жеңімпазы болып қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев танылды. Оны ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтті. 
Алматы мен Нұр-Сұлтандағы митингілер мен ұстаулар 9-12 маусым аралығында өтті. Елорда алаңы мен Алматыда ҚР ІІМ ақпарынша сол күндері 700-ге жуық адам ұсталды.

adimage