Қазақстандағы сайлауды байқау үшін шамамен 100 шетелдік байқаушылар мен журналистер аккредиттелді

Астана. 6 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстандағы сайлауды байқау үшін шамамен 100 шетелдік байқаушылар мен журналистер аккредиттелді, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 20-2-бабына сәйкес шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Орталық сайлау комиссиясы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша жүзеге асырады. 2019 жылғы 29 сәуірде, 2 және 3 мамырда Сыртқы істер министрлігінен 45 байқаушыларды аккредитеуге ұсыныстар келіп түсті. Олардың барлығы аккредиттеуге шығарылып отыр», - деп хабарлады дүйсенбіде Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина.
Оның ақпарынша, олардың ішінен: 7 байқаушы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан Байқаушылар миссиясы құрамында; 22 байқаушы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан; 12 байқаушы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясынан; 4 байқаушы – Ислам ынтымақтастығы ұйымы миссиясынан аккредиттеледі.
«ЕҚЫҰ/ДИАҚБ мен ТМД миссияларының ақпаратына сәйкес сайлауға 700-ден астам қысқа мерзімді байқаушыны жіберу жорамалданып отыр. Аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылып отыратын болады. Сондай-ақ бүгінгі күні Сыртқы істер министрлігіне сайлауды жария ету үшін шетелдік корреспонденттерден 53 өтінім келіп түсті. Жалпы алғанда, Сыртқы істер министрлігінде тұрақты негізде 28 шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 94 журналисі аккредиттелді», - деді ОСК.
Миссиялардың басшылары болып мыналар тағайындалды: ТМД-дан Байқаушылар миссиясы – ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы - Атқарушы хатшысы Сергей Николаевич Лебедев; ТМД қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан байқаушылар тобы – Бас хатшы - ТМД ПАА Кеңесі Хатшылығының басшысы Дмитрий Аркадьевич Кобицкий; ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Сайлауды байқау жөніндегі миссиясы – Уршула Гацек (Польшаның Еуропа Кеңесіндегі бұрынғы Елшісі, Польшаның Нью-Йорктегі Бас консулы, Сейм депутаты); Шанхай ынтықмақтастық ұйымынан Байқаушылар миссиясы – Шанхай ынтықмақтастық ұйымының Бас хатшысы Владимир Имамович Норов; Ислам ынтымақтастығы ұйымынан Байқаушылар миссиясы – Елші, Ислам ынтымақтастығы ұйымының Саяси мәселелер жөніндегі департамент директоры – Махмуд Аль Раиси (Оман).
«Жоғарыда баяндалғанның негізінде осы уақытқа ұсынылған байқаушыларды қамтитын халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу жөнінде Орталық сайлау комиссиясы қаулысы қабылданды», - деді Баймолдина.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді.

adimage