Қазақстандағы үш ұлттық институтты ҚИДИ базасында өнеркәсіптік даму орталығына біріктіреді

Астана. 9 қазан. ҚазТАГ - ҚР Үкіметі индустрияны дамыту, жергілікті қамту және технологиялық даму саласындағы үш ұлттық даму институтының функцияларын «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ базасындағы Бірыңғай өнеркәсіптік даму орталығына біріктіреді, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.  
«2018 жылы 5 қазанда Қазақстан халқына арнаған өзінің жыл сайынғы Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Үкіметіне «қарапайым заттар экономикасын» дамытуға және экспортқа бағытталған индустрияландыруға бағдарланған тиімді өнеркәсіптік саясатты іске асыруға баса көңіл бөлуді тапсырды», - делінген сейсенбіде премьер-министр сайтында жарияланған хабарда.  
Аталған міндетті іске асыру үшін индустрияландыру саясатын жүргізу және қолдау құралдарын шоғырландыру мақсатында ҚР Үкіметі индустрияны дамыту, жергілікті қамту және технологиялық даму саласындағы үш ұлттық даму институтының функциялары «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ базасындағы Бірыңғай өнеркәсіптік даму орталығына біріктірілетін болады, деді баспасөз қызметінен.
Қайта құру кезінде институттардың бюджеттік шығындары мен штаттық құрылымы оңтайландырылады.
«Болашақ орталыққа жүктелетін міндеттерді орындау үшін биыл 8 қазанда «ҚИДИ» Директорлар кеңесінің шешімімен Дана Жүнісова жаңа басқарма төрағасы болып сайланды», - делінген хабарда.
2018 жылғы сәуірде ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.
2018 жылғы қыркүйектен бастап ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

adimage