Қазақстандағы әуе рейстері жиілігінің өзгеруі мүмкін жағдайлар аталды

Астана. 27 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байбағұлов әуе рейстері жиілігінің өзгеруі мүмкін жағдайларды атады.
«Егер жолаушылар, біздің азаматтар,   100% ПТР-анықтамаларымен ұшып келетін болса, онда, сәйкесінше, рейстер саны қысқармайды, басқа жаққа қарай өзгереді», - деп мәлім етті Байбағұлов сейсенбідегі брифингте.
Оның айтуынша, «барлығы біздің азаматтарға байланысты, олардың өз денсаулықтары мен қасындағылардың денсаулықтарына деген жауапкершіліктеріне байланысты».

adimage