Қазақстандағы Қырғызстан елшісі тағайындалды

Күні: 16:26, 10-10-2018.

Алматы. 10 қазан. ҚазТАГ - Жээнбек Кулубаев Қазақстандағы Қырғызстан елшісі болып тағайындалды, деп хабарлады Қырғызстан телеграф агенттігі  (ҚырТАГ).
«Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков қол қойған жарлыққа сәйкес Кулубаев Жээнбек Молдоканович ҚР-дағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.  
Ж. Кулубаев жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қырғызстанның Қытай мен Малайзиядағы елшісі болған еді.  
Еске салсақ, Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі қызметі 2016 жылдан бері бос тұрған еді.  


Жаңалықтармен бөлісу: