Қазақстандағы жұмыссыздардың басым бөлігі жұмысқа қабілеттілер болып шықты

Күні: 19:26, 05-02-2020.

Астана. 5 ақпан. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. Қазақстандағы жұмыссыздардың басым бөлігі жұмысқа қабілеттілер болып шықты, деп хабарлады «Атамекен» ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.
«Біз телефон шалу арқылы 62,7 мың адамнан сауалнама алдық. Жалпы, халықтың жұмыссыз бөлігінің көбі 25-46 жаста, яғни жұмысқа қабілетті (49,2%) жоғары немесе кәсіби-техникалық білімі барлар (59,2%) болып шықты», - деді Ордабаев бейсенбі күні ОКҚ-де.
Бұдан бөлек, спикер атап өткендей, сауалнамаға қатысқан жұмыссыз жастардың үлесі 13% (18 445 адам) олардың ішінде жоғары білімі барлар – 31,3% және орта арнайы білімі барлар – 47%.
«Осылайша, жұмыссыз әйелдердің 37%-ы және ерлердің 39,3%-ы, сонымен қатар жұмыссыз жастардың 21,8%-ның тек мектептік білімі бар», - деді ол.


Жаңалықтармен бөлісу: