Қазақстандағы жұмыссыздық шілде айында 4,9% деңгейінде сақталды

Астана. 13 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстанда 2018 жылдың шілде айында жұмыссыздар саны 442,5 мың адамға бағаланып, жұмыссыздық деңгейі 4,9% -ды құрады, делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің хабарында.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ресми түрде 2018 жылдың шілде айының соңында жұмыспен қамту органдарында 154,6 мың адам тіркелді. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 1,7% -ын құрады.
2018 жылдың шілдесінде Қазақстан экономикасына 8,7 млн адам тартылған. Жұмыспен қамтылған тұрғындар арасында көрсетілген кезеңдегі жалдамалы жұмысшылар саны 6,6 млн адамды (жалпы жұмыспен қамтылғандардың 76,1%-ы) құрады.

adimage