Қазақстандағы жұмыссыздық тамызда 4,9% деңгейінде сақталды

Астана. 12 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақстанда 2018 жылдың тамыз айында жұмыссыздар саны 442,3 мың адамға бағаланып, жұмыссыздық деңгейі 4,9% -ды құрады, делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің хабарында.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ресми түрде 2018 жылдың тамыз айының соңында жұмыспен қамту органдарында 151,9 мың адам тіркелді. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 1,7% -ын құрады.


adimage