Астана. 8 шілде. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанда жол активтері сапасы ұлттық орталығының инспекторлары үш сапардың екеуінде жол сапасының бұзылғанын анықтап отырған, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Осылайша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына 3732 инспекциялық сапар, жергілікті жолдардың желісіне 1915 сапар жасалған. Осы уақыт аралығында Жол активтері сапасы ұлттық орталығының қызметкерлері жолдарда 3,9 мың олқылықты анықтады, жол-құрылыс материалдарының 9 мың сынамасын алып, сынақтан өткізді», - делінген ҚР ИИДМ ресми сайтындағы хабарда.
Осылайша, инспекция әр үш сапар сайын екіге жуық бұзушылықты анықтап отырған.
Бұдан бөлек, осы жылдың алғашқы жартыжылдығында жолдардың 2442 шақырымы құралдық диагностикадан, 1457 шақырымы жол учаскелерінің кепілді мониторингінен өткізілді.
Құжатқа сәйкес, 2020 жылы Қазақстанда жолдардағы жұмыстар мен құрылыс материалдарының сапасын сараптау аясында ел жолдарына 6700 инспекциялық сапар жасалса, жолдардың 11680 шақырымы құралдық диагностикадан, жолдардың 4665 шақырымы кепілді учаскелеріндің мониторингінен өтпек.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34