Қазақстанда ұялы байланыс жұмыстарында техникалық ақауларға байланысты жаппай бұзылу орын алды

Күні: 18:32, 24-09-2018.

Астана. 24 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанда ұялы операторлар жұмысындағы техникалық ақауларға байланысты жаппай бұзылу орын алды, деп хабарлады ҚР ақпарат және коммуникация министрі Даурен Абаев.
«Біз қазір бұл мәселені шешіп жатырмыз. Себеп - техникалық ақаулар», - деп түсіндірді Д.Абаев ҚазТАГ-тың дүйсенбіде Қазақстандағы телефон байланысындағы іркілістерге қатысты сауалына.
Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар атап өткендей, 24 қыркүйекте бірқатар ұялы байланыс операторларында байланысқа қатысты проблемалар туындаған. Мәселен, интернет-пайдаланушыларының айтуынша, шалған қоңыраулары басқа абоненттрге түсіп кетіп отырған.  


Жаңалықтармен бөлісу: