Қазақстанда қыркүйек айында азық-түлік тауарларының бағасы 5,7%-ға өсті

Күні: 14:32, 02-10-2018.

Астана. 2 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда  5,7%-ға өсті, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті таратқан хабарында.
Комитет сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, сүт өнімдерінің бағасы – 9,3%, балық және теңіз өнімдеріне – 6,8%, кондитерлік өнімдерге,  тоқаш және ұн өнімдеріне – 5,8%, қантқа – 3,4%, макарон өнімдеріне – 2,3%, кофе, шәй және какао, нан – 1,8%,  жемістер мен көкөністерге – 1,3%,   ұнға – 0,9% қамбыттады, ал жармаға – 11,8% төмендеді.
Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 6,9%-ды құрады. Жылқы етіне – 9,5%, шұжық өнімдеріне – 7,2%, сиыр етіне баға деңгейі 7,3%, шошқа етіне – 7,1%, қой етіне – 5,9% өсті.    
Алкоголь өнімдерінің бағасы 10,9% өсті.


Жаңалықтармен бөлісу: