Қазақстанда қыркүйек айында орташа атаулы айлық жалақы жылдық көрсеткіште 12,1%-ға артты

Күні: 18:18, 24-10-2014.

Астана. 24 қазан. ҚазТАГ – 2014 жылғы қыркүйекте бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 118730 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2013 жылғы қыркүйекке 112,1%, ал нақты жалақы индексі 104,4% құрады, делінген ҚР статистика агенттігінің сайтында жарияланған жаңалықта.
Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда – 254,6 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 214,7 мың теңге (1,8 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде – 193,2 мың теңге (1,6 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі жалақы білім беру қызметкерлерінде белгіленді – 72,2 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 39,2%-ға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Манғыстау облысында белгіленді – 232,2 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 81,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,7%-ға төмен.


Жаңалықтармен бөлісу: