Қазақстанда қыркүйекпен салыстырғанда қазанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 1,3%-ға жоғарылады

Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда 2019 жылдың қазанында ең төменгі күнкөріс деңгейі Т32 176 құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің (ҰЭМ) статистика комитетінің баспасөз қызметінен.
Осылайша, қыркүйекпен салыстырғанда қазанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 1,3%-ға жоғарылады.
2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда ең төменгі күнкөріс деңгейі қазанда 21,7% артты.
«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы қазанда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 21,7%-ға жоғарылады»,- делінген ҰЭМ хабарында.
Статақпарға сәйкес, оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 19,4%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқа – 14%, жемістер мен көкөністер – 12,7%, нан және жарма өнімдерін – 7,1%, қант, шай және дәмдеуіштерді 1,8%-ды құрады.

adimage