Қазақстанда қыркүйекте ең төменгі күнкөріс деңгейі 1,6% дейін төмендеді

Астана. 3 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда қыркүйекте ең төменгі күнкөріс деңгейі  Т28 690 құрады,бұл алдыңғы айдың көрсеткішінен 1,6% төмен, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің баспасөз қызметінен.  
«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда 1,6%-ға төмендеді, ал 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12,1%-ға жоғарылады», - делінген сәрсенбідегі ҰЭМ хабарында.
Статақпарға сәйкес, оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 18,6%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 14,3%, жемістер мен көкөністерді – 13,3%, нан және жарма өнімдерін – 6,8%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2%-ды құрады.

adimage