Қазақстанда қыркүйекте инфляция 0,4% құрады

Күні: 18:16, 01-10-2018.

Астана. 1 қазан. ҚазТАГ – 2018 жылдың қыркүйегінде инфляция алдыңғы аймен салыстырғанда  0,4%, 2017  жылдың сәйкес айымен салыстырғанда   – 6,1%, 2017 жылдың желтоқсанында – 3,3%, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің хабарында.  
Статақпарға сәйкес, өткен айда азық-түлік емес тауарлар 0,8% қымбаттады; ақылы қызмет бағасы 0,4% өсті.
«Жыл басынан бері   (2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2018 жылдың қыркүйегі) тұтынушы тауары мен қызметінің бағалары  мен тарифтері 3,3% өсті, оның ішінде азық-түлік тауарларына –  2,3%, азық-түлік емес тауарларға –  4,3%, ақылы қызметке –  3,4%», - делінген статкомитет сайтындағы жедел ақпаратта.  



Жаңалықтармен бөлісу: