Астана. 12 қазан. ҚазТАГ - Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 104,8% құрады, делінген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіндегі хабарда.
2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 20239,8 млрд. теңгені құрды, бұл 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 4,8% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 4,9%, өңдеу өнеркәсібінде – 5,1%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 3,5% артты. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс көлемі 1,5% төмендеді.
2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 7517,1 млрд. теңгені құрды, бұл 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 21,6% артық.
2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметі) көлемі 3188 млрд. теңгені құрап, 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 2% артты.
2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,6%-ды құрады. 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте жүк айналымының көлемі 438,1 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 8,9% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 209 млрд. жкм құрап, 4,2% артты.
2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 103,9%-ды құрды.
2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 106,7%-ды құрады.
«2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 7164,2 млрд. теңгені немесе 2017 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 107% құрады (салыстырмалы бағада). 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 15339,1 млрд. теңгені немесе 2017 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 106,4% құрады (салыстырмалы бағада)», - деді статистика мамандары.
Қазақстанда қысқа мерзімді экономикалық индикатор қаңтар-қыркүйекте 104,8%
