Астана. 25 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда қысқы мереке қарсаңында төрт бағыт бойынша қосымша пойыздар жүреді, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ желтоқсандағы мерекелік күндерде (Тұңғыш Президент күні, ҚР Тәуелсіздік Күні, Жаңа Жыл) 4 бағыт бойынша қосымша пойыздардың тағайындалуы туралы хабарлайды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Сонымен, «Алматы-2 – Шымкент» бағыты бойынша 12 рейс Алматы-2 ден 28 қараша күні, желтоқсан айының 2, 5, 9, 12, 16, 19, 23, 26, 30 жұлдыздары және 2020 жылдың 2, 6 қаңтар күндері шықса, сәйкесінше Шымкент қаласынан 29 қараша, 3, 6, 10, 13, 17, 20, 24, 27, 31 желтоқсан және 3, 7 қантар күндері кері бағытта шығады.
«Алматы-2 – Түркістан» бағыты бойынша 4 рейс Алматы-2 –ден 28 қараша және 5, 17, 24 желтоқсан күндері, ал Түркістаннан сәйкесінше 29 қараша және 6, 18, 25 желтоқсан күндері кері бағытта жүреді. «Маңғыстау-Бейнеу» бағыты бойынша күн ара Маңғыстаудан 2019ж. 28 қарашасынан бастап 2020ж. 6 қаңтарына дейін жұп күндері, ал Бейнеуден 2019ж. 29 қарашасынан бастап 2020ж. 7 қаңтарына дейін тақ күндері жүреді. «Нұр-Сұлтан-Шу» бағыты бойынша «Тұлпар-Тальго» вагондарымен жасақталған 2 рейс 2019ж. 31 желтоқсаны мен 2020ж. 2 қаңтарында жүреді», - деді баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, №712/711 «Нұр-сұлтан-Нұрлы жол – Шымкент» коммерциялық пойызы ағымдағы жылдың 8 желтоқсанынан бастап күн сайын қатынайтын болады.
«Ұлттық тасымалдаушы барлық сұрақтар бойынша Бірыңғай анықтама қызметі «105» нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды (стационарлық телефоннан қоңырау тегін)», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34
-
Экс-министр Асхат Оралов президент әкімшілігінің меминспекторы болды28 Наурыз 2024, 16:03
-
Си Цзиньпин Қазақстанға шілдеде келеді деп күтілуде28 Наурыз 2024, 15:58
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26