Астана. 12 наурыз. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Қазақстанда халықты қызылшаға қарсы егу сәуірде басталады, деп хабарлады қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің басшысы, бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин.
«Қазіргі таңда қызылшаға қатысты жағдай бұрынғы деңгейде, апта сайын 400-дей жағдай тіркеледі, және біз 1 сәуірден бастап екпе салуға кірісеміз. Ол үшін 20 наурызда қызылшаға, паротитке, қызамыққа қарсы үш валентті екпелер жеткізіледі. Біз 478 мың доза аламыз. Бұл екпемен біз бірінші кезекте балаларды егеміз, ары қарай медициналық қызметкерлер егіледі, себебі олар науқастармен жұмыс жасайды», - деді Бекшин сейсенбі күні үкімет кулуарында.
Оның айтуынша, екпенің жалпы көлемі кез келген алғысы келгендерге салынады.
«Қазір соңғы екі жылда былтырғы қарашадан бастап 4000 жағдай шамасында. Былтыр 576 жағдай тіркелген еді, бұл аурудың көбейіп келе жатқан кезі болатын. Әлбетте біз науқастар уақытылы жүгіну үшін профилактикалық жұмыстарды күшейтудеміз», - деді Бекшин.
Қазақстанда қызылшаға қарсы жаппай егу сәуірде басталады
