Астана. 14 қараша. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. 2014 жылы жекешендірудің екінші толқынына түсіп қалған қазақстандық компаниялар өткен жылы мемлекеттік бюджеттен Т25 млрд көлемінде қаржыландыру алды да, шағын және орта бизнес субъектілеріне бұл қаражатқа қол жеткізуге жол бермеді, деп хабарлады ҚР қаржы вице-министрі Руслан Дәленов.
«(Жекешелендірудің – ҚазТАГ) екінші толқынына жүзеге асыруға 850-ге жуық компания анықталған. Олар тек 2013 жылдың қорытындысы бойынша мемтапсырма, мемтапсырыс түрінде мембюджеттен 25 млрд теңгеге жуық алған. Жеке бизнес оларды бәсекелі жағдайда ала алмас еді, оған тіпті ондай құқық берілмеді де», - деді Р. Дәленов жұма күні «Сарапшы-200-Қазақстан» ұлттық бизнестің VI жыл сайынғы экономикалық форумында.
Вице-министр мемлекеттің қатысуы бар компаниялар негізінен тап жеке бизнес жұмыс жасайтын салалар мен нарықтарда әрекет ететінін атап өтті. Мұнымен қатар олар «осылайша бизнестің қолын бюджеттік қаражатқа жеткізбей» мемтапсырыстарды алып отырады.
«Бәсекелі ортада қызмет ететін ұйымдар, бүгінгі таңда мемлекеттік кәсіпорындар алып отырғандай, мемлекеттің таңдау қолдауына ие болмауы тиіс деп есептейміз. Бұл тек теңсіз бәсекелестікті ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік қаражаттың тиімсіз шығындалуын тудырады», - деп атап өтті Р. Дәленов.
Оның мәліметінше, Қазақстанда әрекет ететін 226 мың кәсіпорынның 6 мыңға жуығы мемкәсіпорын, АҚ немесе ЖШС ретінде мемлекеттің жеке меншігіне қарайды, оларда мемлекеттің үлесі бар. Іс басындағылардың санатына, вице-министрдің айтуынша, қашандары есептілігін тапсырып, белсенді банкілік шотқа ие болған компаниялар жатады.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатты8 Маусым 2023, 10:22
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде тұрақсыз ауа райы күтіледі8 Маусым 2023, 10:03
-
Астанада екі қиылыстағы учаскелер жөндеу жұмысына байланысты жабылды7 Маусым 2023, 19:02
-
Қасымбек Тоқаевқа Астананы сумен қамту жағдайы туралы баяндады7 Маусым 2023, 18:46
-
Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевтың ұсталғанын «Антикор» растады7 Маусым 2023, 18:40