Қазақстанда заңсыз айналымнан 2 млн астам медициналық маска тәркіленді

Астана. 31 наурыз. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Қазақстанда заңсыз айналымнан 2 млн астам медициналық маска тәркіленді, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
«Бүгінгі таңда халық үшін мықты қажет болып тұрған қорғаныс құралдары мен антисептиктерді заңсыз сатудан пайда тапқысы келетіндер де бар. полицейлер сондай 27 деректің жолын кесті, заңсыз айналымнан 2 млн астам медициналық маска, 4 мың қорғаныс костюмі, 10 тонна дезинфекциялайтын заттар тәркіленді. Оны азаматтар жоғары бағамен сатқан. Кінәлілер жауапқа тартылды», - деді Тұрғымбаев сейсенбіде ТЖ жағдайындағы бұзушылықтарға арналған брифингте.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 336 жағдайы тіркеліп, 21-і жазылып, екі адам көз жұмды.

adimage