Қазақстанда зейнетақыны төменгі күнкөріс деңгейінің орнына ЕТК негізінде есептеуді ұсынуда

Алматы. 15 тамыз. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Сарапшылар Қазақстанда зенетақы мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің орнына ең төмен жалақыны есептеуді ұсынып отыр, деп хабарлады «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» (БЖЗҚ) АҚ.

«Мемлекеттік зейнетақының лайықты болуын қамтамасыз ету үшін сарапшылардың ұсынысы: Зейнетақы жүйесіндегі барлық төлемдерді есептеу және болжау үшін бірыңғай әлеуметтік стандарт ретінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТК) орнына ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) пайдалану. Мемлекеттік бюджеттің зейнетақыға жұмсалатын шығыстарын ЖІӨ-нің 3% - нан төмен емес деңгейде ұстау», - делінген «қаржы нарығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастырудың бастауында тұрған» қазақстандық сарапшылар ұсынған БЖЗҚ хабарында.

Ақпарға сәйкес, қазіргі уақытта зейнетақы төлемдері болжамды инфляция деңгейі бойынша индекстелетін және еңбек нарығындағы жалақының (оның медиандық та, орташа да мөлшерінен) өсуінен тұрақты түрде артта қалып отырған ЕТК шамасы негізінде есептеледі.

adimage