Қазақстанда жүк айналымы қаңтар-мамырда 2,9% қысқарды

Астана. 17 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанда жүк айналымы қаңтар-мамырда 2,9% қысқарды, деп хабарлады стратегиялық жоспарлау және реформалар агентітігнің (СЖРА) ұлттық статистика бюросынан (ҰСБ).

«2023 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 2024 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстанда жүк айналымы 2,9% қысқарып, 202 млрд т-км дейін жетті. Жолаушылар айналымы 31 млрд ж-км құрап, 13% өсті», - делінген есепте.

Теміржол көлігіндегі жүк айналымы 7,2%-ға қысқарды, деп атап өтті статистика мамандары.

Фото көзі: pixabay


adimage