Алматы. 9 тамыз. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстандық заңгер Жангелді Сүлейменов жұма күні тек түске дейін ғана жұмыс жасауды ұсынуда.
«Мен көптен бері, 5-7 жыл бойына Қазақстанда жұмыс кестесін өзгертуге тырысудамын. Қазір бізде бес күндік. Оған 150 жыл болды. Оны жұмысшылардың бүкіл күшін сарпып алу үшін Форд ойлап тапқан. Мен барлығының жұма күні түске дейін ғана жұмыс жасағандарын қалаймын. Мынадай қағида бар – қанша уақыт берілсе, жұмыс та сонша уақытта жасалады. Егер ол адамға «Бес сағат ішінде құдық қаз» десе, ол бес сағатта қазады. Оған «үш сағат ішінде қаз» десе, ол үш сағатта қазады. Адамдар демалсын. Мен түске дейін барлығы жұмыс жасап, түстен кейін отбасыларымен бірге болсын, толыққанды демалсын деймін», - деді Сүлейманов жұма күні ҚазТАГ ХАА тілшісіне.
Бұл ретте ол түсіндіргендей, қазіргі таңда адамдар 18.00 дейін ғана емес, 22.00 дейін де жұмыс жасауға мәжбүр екендерін айтты, соның ішінде жұма күні де, сөйтіп олар толыққанды демала алмайды.
«Бүгінде адамдар заң бойынша кешкі алтыға дейін ғана жұмыс жасамайды, олар кешкі 10-ға дейін жұмыс жасайды. Кейбірі тіпті сенбі күні де шығады. Сондықтан олар демалмайды. Адамдар демалмайды, отбасыларына көңіл бөлмейді. Олар шаршайды. Сондықтан мен осы жүйені енгізсе, мемлекет ештеме жоғалтпайды, керісінше ұтады деп ойлаймын»,- деп түсіндірді ол.
Қатысты сілтемелер
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08
-
Көкшетауда 113 тұрғын уақытша пункттерге эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 15:51
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады29 Наурыз 2024, 15:00
-
Бектенов депутаттардың «Отбасы банкіне» қатысты сынына жауап берді29 Наурыз 2024, 14:51
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53