Қазақстанда жұмыссыздық көлемі қарашада 4,9% деңгейінде сақталды

Алматы. 14 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда жұмыссыздық көлемі 4,9% деңгейінде сақталды, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстандағы жұмыссыздар саны 2018 жылдың қарашасында 444,7 мың адамды құраған, жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің санының 4,9% құрап отыр», - делінген жұмадағы хабарда.
Статақпарға сәйкес, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендер саны 134,8 мың адам. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің санының 1,5% құрады.

adimage