Қазақстанда жәрдемақының жаңа мөлшерін «жақын арада» жариялауға уәде берді

Астана. 26 ақпан. ҚазТАГ – Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстанда жәрдемақының жаңа мөлшерін «жақын арада» жариялауға уәде берді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Көп балалы аналар үшін жәрдемақы мөлшері көбейтілу жағына қарай қаралатын болады. Қазір есептер дайындалуда, арнайы жұмыс тобы есептерді дайындап жатыр, жақын арада көлемі жарияланады. Мен бүгінгі таңда ағымдағы жәрдемақы көлемі жеткіліксіз деп ойлаймын», - деп мәлімдеді Дәленов журналистерге сейсенбідегі үкімет кулуарында.
Жәрдемақы көлемін көтеру мәселесі қазақстандық қоғамда Астанада 4 ақпанға қараған түні Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында бөлек орналасқан уақытша жайдан өрт шыққаннан кейін көтерілді. Өртті сөндіру барысында бес баланың мәйіті табылған: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туылған. Құтқарушылар нақтылағандай, ата-аналар ол кезде жұмыста болған.
Қоғам өкілдерінің пікірінше, егер елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай түнгі ауысымдағы жұмысқа бару үшін балаларын қараусыз қалдыруға тура келмейтіндей жағдай жасаса ғана қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді.
Осы жағдайдан кейін соңғы бірнеше күн бойы көп балалы аналар аталмыш проблемаларға қатысты қоғамдық жиналыстар өткізуді бастады. Осындай жиналыстардың бірқатары Астана мен Алматыда да өтті.
Осы жағдайлардың орын алуынан президент Нұрсұлтан Назарбаев өткен аптада елдің бұрынғы үкіметін отставкаға жіберді.

adimage