Алматы. 7 наурыз. ҚазТАГ – 2019 жылдың ақпанында жаңа баспана бағасы өзгерген жоқ, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігі сайтынан.
«2019 жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – 0,3%, абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату 0,2%-ға өсті, ал жаңа тұрғын үйлерді сату өзгеріссіз қалды. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,7%-ға жоғары болды», - делінген хабарда.
Республика бойынша жаңа баспана сатып алу барысында 1 ш.м. 277 457 теңге (2019 жылдың қаңтар-ақпанында 2018 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда баға өсімі 3,1% құрады), тұруға жайлы баспананы қайта сату барысында – 189 764 теңге (2,2%) және тұруға жайсыз баспана құны – 119 107 теңге (3,2%), тұруға жайлы баспананы жалға алу төлемі – 1 431 теңге (7,6%).
Қазақстанда жаңа баспана құны бұрынғы деңгейінде сақталды
